17
март
2022
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҮШІНШІ РЕТ "АЛТЫН БЕЛГІНІ" ҚАНЖЫҒАЛАДЫ
Республикада "Kundelik.kz" электронды журналын жүргізу бойынша Шымкент қаласы үшінші рет «Алтын белгіні» жеңіп алды. Бұл жетістікке Білім басқармасы, Әдістемелік орталық қызметкерлерінің, мектеп басшыларының, әкімшілік пен мұғалімдердің үйлесімді жұмысы мен қажырлы еңбегінің нәтижесінде қол жеткізді.
2021-2022 оқу жылының бірінші жартыжылдығында Kundelik.kz электронды күнделігін сапалы толтыруда белсенді қызмет атқарған басқарма, Әдістемелік орталық қызметкерлері және мектептерден құрылған тірек топ педагогтері Күнделік компаниясы атынан Алғыс хаттармен марапатталып, оларға рюгзак пен блокнот табысталды.
